Бас прокурордың орынбасары қаңтар оқиғасында қаза тапқандардың нақты санын атады
Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандардың ресми санына құқық қорғау органдарының азаптауынан қайтыс болғандар кірмегенін мәлімдеді.
– Біздегі бар ресми ақпарат бойынша 232 адам қаза болды. Біз қылмыстық қудалау органымыз ғой, жеке жұмыс істейміз. Қаңтардағы оқиға кезінде қызметкерлердің заңсыз іс-әрекеттерінен, қылмыскерлердің іс-әрекеттерінен қаза тапқан адамдар бар. Мен қазір нақты санын айта алмаймын. Азаптаудан қайтыс болғандардың жеке тізімі бар, дәл қазір нақты саны есімде жоқ, — деді Шындалиев.
Әсет Шындалиев сегіз ҰҚК қызметкері қамауға алынғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, Шындалиев құқық қорғау органдарында 15 адам күдікті деп танылғанын айтты.
– 9 адам қамауға алынды. Сегіз адам — ҰҚК қызметкері, біреуі полицей. Олардың арасында Ұлттық ұлан қызметкерлері жоқ, тек ҰҚК мен полиция қызметкерлері бар, — деді ол.
Фото: ашық дереккөз
Комментариев пока нет