Бизнесмен Балушкиннің мүлкі тәркіленеді
Forbes тізіміндегі кәсіпкер Анатолий Бабушкиннің мүлкі тәркіленеді. Бұл туралы экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияда хабарлады.
– 11 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында Балушкинге (халықаралық іздеуде жүрген, «БИПЭК» компаниялар тобының акционері) қатысты іс бойынша 77 бірлік жылжымайтын мүлікті сотқа дейін тәркілеу туралы өтінішхат сотқа жолданды. Жылжымайтын мүлік (оның ішінде Рахманов қайнар бұлақтары, Нұртау және «Порт Фортуна») және 1000 жылжымалы мүлік, – делінген хабарламада.
Балушкин Forbes нұсқасы бойынша 2020 жылдың желтоқсанына Қазақстанның ең ықпалды 50 бизнесмендерінің тізіміне енді. Оның байлығы 153 миллион долларға бағаланды.
Фото: ашық дереккөз
Комментариев пока нет