Ya Metrika Fast


English version

Болат Назарбаев машина жасау зауытындағы 31,9 пайыз акциясын мемлекетке қайтарады

Контекст дня — 16 марта 2023 15:10
0
Изображение 1 для Болат Назарбаев машина жасау зауытындағы 31,9 пайыз акциясын мемлекетке қайтарады

2023 жылдың 2 наурызында Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы Болат Назарбаевтың 2007 жылы сатып алған Алматы ауыр машина жасау зауытындағы 31,9 пайыз акциясын мемлекетке қайтаруы керек деген шешім шығарды, деп хабарлайды Exclusive.kz.

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті 1998 жылғы 18 ақпандағы келісім бойынша «АЗТМ» АҚ-ның жарғылық капиталының 31,9% көлеміндегі акцияларын 105 300 000 теңгеге «Темір Кон» ЖШС-не сатқан.

Комитеттің сатушы ретінде «Темір Кон» ЖШС сатып алушысының шарт бойынша өзіне алған міндеттемелерін қажетті тексерулер және құжаттаманы талап етуді орындауына бақылауды жүзеге асыру құқығы бекітілген.

2009 жылғы 1 сәуірде Комитет, «Темір Кон» ЖШС және Болат Назарбаев арасында -1 шарты бойынша міндеттемедегі тұлғаларды өзгерту туралы келісім жасалды, оның талаптары бойынша аталған міндеттемелер орындалмаған жағдайда Болат Назарбаев акцияларының мемлекеттік пакетін Комитетке беруі тиіс.


Сот шешіміне сәйкес, Болат Назарбаевтың мемлекеттік акцияларды сатуы заң талаптарына сәйкес келмейді. Сол себепті №1 шарт талаптарын орындамағандықтан жарамсыз деп таныды.

– Болат Назарбаев пен «PLS-TM» ЖШС арасында 2009 жылғы 2 сәуірдегі «Алматы ауыр машина жасау зауыты» АҚ-ның жарғылық капиталының 31,9 пайызын құрайтын жай атаулы акцияларын сату туралы жасалған бағалы қағаздарды сатып алу-сату шарты жарамсыз деп танылсын. Болат Назарбаевқа «АЗТМ» АҚ-ның жарғылық капиталының 31,9 % мөлшеріндегі жай атаулы акцияларын ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне беру арқылы мемлекет меншігіне қайтару міндеттелсін, – деп жазылған сот хабарламасында.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.