Ya Metrika Fast


English version

Былтыр елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 69 әйел қайтыс болған – депутат

Контекст дня — 21 января 2024 18:10
0
Изображение 1 для Былтыр елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 69 әйел қайтыс болған – депутат

Сенат депутаты Жанна Асанова 2023 жылы елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 69 әйел және 7 бала қайтыс болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

Жанна Асанова Сенат депутаттары Үкіметке тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне қатысты сауал жолдағанын айтты. Құжат Мәжіліс талқылауына жіберіледі.

– 2023 жылы Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 69 әйел, 7 бала қайтыс болған. Тұрмыстық зорлық дерегі бойынша 99 мыңнан аса хабар түскен. Балаларға қарсы 2 452 қылмыс жасалған. Бірнеше резонанс тудырған жағдай болды, – деді ол.


Заң жобасында зорлық-зомбылықты криминализациялау, яғни ұрып-соғу және денсаулыққа жеңіл зиян келтіру үшін қылмыстық жауапкершілік (қазір олар ҚР ӘҚБтК-де); оларды жария айыптаудың қылмыстық құқықбұзушылық санатына жатқызу; балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық нысандары үшін жазаны қатаңдату және тараптардың татуласуын болдырмау сынды бөлімдері бар.

Фото: gov.kz


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.