«Дұшпан»: Украина Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысқан басшылар туралы айтты
Украина Сыртқы істер министрлігі Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен Жеңіс парадына қатысқан ТМД елдері басшыларының әрекетін «дұшпандық қадам» деп бағалады, деп хабарлайды Exclusive.kz.
– Біз аталған шет мемлекеттер басшыларының екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропада соғыс ашқан әскери қылмыскермен бірге қоғамдық іс-шараға қатысуын Украинаға қатысты дұшпандық қадам, өмірі мен бостандығы үшін күресіп жатқан украин халқына немқұрайды қарау ретінде қарастырамыз, – деп жазылған Украина СІМ мәлімдемесінде.
Еске салайық, 9 мамыр күні Мәскеуде Жеңіс күніне арналған әскери шеру өтті. Аталған шараға Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен бірге Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев және Беларусь президенті Александр Лукашенко қатысты.
Фото: aqorda
Комментариев пока нет