Ya Metrika Fast


English version

Депутат Қарақат Әбден мандатынан айырылуы мүмкін

Контекст дня — 7 апреля 2023 16:50
0
Изображение 1 для Депутат Қарақат Әбден мандатынан айырылуы мүмкін

Қарақат Әбденді депутаттық мандатынан айыру туралы петиция жарияланды, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Петиция авторы – «НеМолчи.kz» қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәрі. Оның айтуынша, Қарақат Әбден әйелдердің құқықтары туралы конституциялық нормаларды сақтамайды.

Дина Таңсәрі депутат Қарақат Әбденнің шетелдіктерге үйленген қыздарға салық салу туралы бастамасын мысалға келтірді.


Еске салайық, Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден шетелдіктерге күйеуге шыққан қыздарға салық салуды ұсынған еді.

– Осы кезге дейін айтқандарымның бәрін, барлық идеяларымды, көтерген барлық мәселелерді кейінгі қызметімде де жалғастырамын.Қазір айтып отырған шетелдіктермен некеге тұруға салық салу ұсынысын әлі де ашу керек. Қалай жүргізілетінін түсіндіру керек. Неге енгізбеске? Әрине қолдаймын, – деді ол.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.