English version

Депутат әскердегі сарбаз өлімі үшін бөлім бастықтарын жазаға тартуды ұсынды

Контекст дня — 18 апреля 2023 17:10
0 -1

Сенат депутаты Геннадий Шиповских әскери қызметкерлер арасындағы өлім-жітім туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Exclusive.kz.

– Әскер азғындықтың ортасына айналып кетті десек те артық болмас. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бейбіт заманда қанша жастар қыршындай кетіп жатыр. Аман барып, сау қайтпайды. Қасым-Жомарт Тоқаев жарлық емес әскери қатынастарды жою бойынша комиссия құрған. Менің ойымша, ол комиссия жемісті жұмыс атқармады. Қазақша айтқанда айдағандарыңыз бес ешкі, ысқырықтарыңыз жер жарады. Он екі мүшесі сау баласын әскерге жіберіп, мүгедек күйінде немесе табытын қарсы алу кімге жақсы?! – деді депутат.

Сондай-ақ Геннадий Шиповских қайғылы оқиғаның алдын алу үшін әскердегі тәртіпсіздік жағдайында бөлімшелердің басшыларын трибуналға жіберуді ұсынды.

– Егер аймақта сарбаз қайтыс болған немесе мүгедек болып қалған оқиғалар тіркелсе, бөлімшелердің басшылары жауапқа, тіпті сотқа тартылуы тиіс. Сонда ғана бізде тәртіп орнайды, – деді ол.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.