Депутат Жигули Дайрабаевтың ұлдары сотталды
Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаевтың ұлдары – Марат Дайрабаев пен Дидар Молдақалық мемлекеттен ірі көлемде ақша жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Тараз қаласы №2 соты субсидияларды ұрлау туралы іс бойынша үкім шығарды. Сот шешімі бойынша, Дидар Молдақалық пен Марат Дайрабаев шартты түрде 5 жылға сотталды. Бірақ олар өз кінәларын мойындамаған.
– Дайрабаев пен Молдақалықтың мүлкі тәркіленіп, кез келген меншік нысанындағы ұйымдарда басшылық лауазымды атқару құқығынан айыра отырып, түпкілікті әрқайсына 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы, Қылмыстық кодекстің 63-бабын қолданып, пробациялық бақылауға белгілене отырып шартты түрде тағайындалды, – деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.
Фото: Парламент Мәжілісі



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.