English version

Ең төменгі жалақы мөлшері өсті – Еңбек министрлігі

Контекст дня — 3 января 2024 16:30
0 -1

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда ең төмен жалақы мөлшері 70 000 теңгеден 85 000 теңгеге дейін ұлғайғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

Бірінші кезекте ЕТЖ арттыру «жалақысы төмен» қызметкерлерге қатысты болады. Екіншіден, жалақы деңгейін белгілеу кезінде ЕТЖ көрсеткішін пайдаланатын жұмыс берушілер разрядаралық біліктілік жүйесін ескере отырып, қызметкерлердің басқа санаттарының жалақысын қайта қарайтын болады.

– ЕТЖ еңбек саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарт болып табылады және жыл сайын тиісті қаржы жылына сәйкес «Республикалық бюджет туралы» ҚР Заңымен белгіленеді, – деп жазылған хабарламада.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.