Екібастұз ЖЭО учаскесінің бастығы өлі күйінде табылды
Екібастұзда жергілікті ЖЭО учаскесінің бастығы өлі күйінде табылды. Полицейлер қайғылы жағдайдың себептерін анықтап жатыр.
Екібастұз жылу орталығы қызметкерінің қайтыс болғаны туралы ақпарат Instagram желісінде тарады. ЖЭО учаскесінің 33 жастағы бастығы ВАЗ-21099 автокөлігінің салонынан табылған.
«Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС марқұмның Екібастұз ЖЭО учаскесінің бастығы болып жұмыс істегенін растады. Бірақ қаза тапқан басшының аты-жөні жария етілмеді.
– 4 желтоқсанда «Екібастұзтеплоэнергосына» полиция басқармасынан гараждардың бірінен Екібастұз ЖЭО қызметкерінің денесі табылғаны туралы қоңырау түскен. Деректерді тексеру кезінде бұл шынымен ЖЭО қызметкері екендігі анықталды, – деп хабарлады энергетикалық компанияның баспасөз қызметі.
Екібастұз полиция басқармасы бұл қайғылы жағдай тіркелгенін және тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Фото: ашық дереккөз

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.