Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысы өтті - Exclusive
Поддержать

Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысы өтті

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысын өткізді. Талқылауға орталық мемлекеттік органдардың, Бас прокуратураның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, Қаржылық мониторинг агенттігінің, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің, «Самұрық-Қазына» қорының және т. б. басшылары қатысты.

Комиссия мүшелері теміржол инфрақұрылымының, жылу энергетикалық кешеннің кейбір активтерін, сондай-ақ мұнай өңдеу зауыттарының қызметімен байланысты бірқатар кәсіпорындарды мемлекет меншігіне беру мәселелерін қарады.

Талқылау қорытындысы бойынша Смайылов комиссия қабылдаған шешімдерді іске асыру үшін барлық қажетті заңдық және ұйымдастыру шараларын пысықтауды тапсырды.

Фото: Ukimet

https://t.me/kzexclusive




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *