English version

Экс-министр Бишімбаевқа сот шешімі шықты

Контекст дня — 12 ноября 2023 16:23
0

Астана соты Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевты екі айға қамауға алуға санкция берді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

– 2023 жылғы 11 қараша күні Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қ. Бишімбаевқа қатысты екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді, – деп жазылған сот шешімінде.

Айта кетейік, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге деректер жария етілмейді.

9 қараша күні бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталды. Қайғылы оқиға астаналық Bau мейрамханасында болды.

Фото: Tengrinews.kz


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.