Экс-вице-министр Тоқтабаевқа қатысты тергеу аяқталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұрынғы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Т. Тоқтабаевқа қатысты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Exclusive.kz агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Антикор мәліметі бойынша, Тоқтабаев Қостанай облысындағы қатты пайдалы қазбалардың (никель және кобальт) ірі қорлары анықталған «Шевченковское» кен орнын барлау сылтауымен аффилиирленген тұлғаларға аукционсыз заңсыз берген деп айыпталған.
– Нәтижесінде, оның бақылауындағы компания қол қою бонусының ең төменгі құнымен өндіруге дайын кен орнын алған. Өзінің әлемдік қорлары бойынша бірегей никель және кобальт түріндегі қатты пайдалы қазбалар 100 млн. тонна 5,7 трлн теңге сомасына бағаланады. Тергеу барысында қабылданған шаралармен аталған кен орны мемлекет пайдасына қайтарылды. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айыпталушы Т. Тоқтабаевты сотқа берді, – деп жазылған хабарламада.
Фото: ашық дереккөз
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.