Елорда соты Мұхамедиұлына қатысты шешім шығарды - Exclusive
Поддержать

Елорда соты Мұхамедиұлына қатысты шешім шығарды

Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі бір айға ұзарды.

– 20 желтоқсанда Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті А. Мұхамедиұлына қатысты қамауда ұстау түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімін 1 айға ұзартты, – деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы қамауға алынды. Сол уақытта А. Мұхамедиұлы Ұлттық музейді басқарған еді. 28 мамыр күні соттың санкциясымен оған қатысты «қамау» бұлтартпау шарасы таңдалды.

Ұлттық музейдің лауазымды тұлғалары мен басқа да тұлғаларға қатысты «Алтын адамның мұражайлары арқылы өтуі» халықаралық көрмесін өткізуге мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша бюджет қаражатын жымқырды деген айыппен тергеу жүргізілді.

Фото: Sputnik




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.