Елордада 3 адамды құтқарған өрт сөндіруші жансақтау бөліміне түсті
Астана қаласында 3 адамды құтқарып қалған өрт сөндіруші жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы Астана әкімдігі хабарлады.
Өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің денесін қатты күйік шалған. Азаматтың жағдайы өте ауыр.
Айта кетейік, елордада 15 қабатты үйде өрт шықты. Өрт салдарынан 3 адам ауруханаға түскен, олардың бір бала. Өрт сөндірушілер өрт орнынан 5 адамды аман алып шыққан.
– Асқар Забикулин асқан жанкештілікпен алапат өрттен бірнеше адамды құтқарып қалды, алайда өзі ауыр жарақат алып, өте қиын жағдайда жатыр. Өрт сөндірушіге беттің, арқаның, іштің, аяқтың жоғарғы және төменгі жағының 2-3 дәрежелі күйіктері, күйік шогы деген диагноз қойылды. Зақымдану дәрежесі – 80%. Қазір ол өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, – деп хабарлады Астана әкімдігі.
Фото: gov.kz
Комментариев пока нет