Елордаға жаңа әкім тағайындалды
Жеңіс Қасымбек Астана қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
2019 жылы Астана әкімі болып тағайындалған Алтай Көлгінов қызметінен кетті.
– Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек Астана қаласының әкімі лауазымына тағайындалсын, – делінген Жарлықта.
Жеңіс Қасымбек бұған дейін Қарағанды облысының әкімі болған. Еңбек жолын 1997 жылы ҚазБСҚА-да тағылымгер-зерттеуші болып бастаған.
Жеңіс Қасымбек әр жылдары Көлік және коммуникация вице-министрі, Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы көлік және коммуникация министрі болып қызмет атқарған.
Комментариев пока нет