Ya Metrika Fast


English version

Энергетика вице-министрі Нұрмағанбетов отставкаға кетті

Контекст дня — 11 декабря 2023 15:15
0
Изображение 1 для Энергетика вице-министрі Нұрмағанбетов отставкаға кетті

Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов отставкаға кетті, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жандос Нұрмағанбетов 2021 жылдың 13 желтоқсанында энергетика вице-министрі болып тағайындалған еді.

– Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағамбетов 15 қараша мен 15 желтоқсан аралығында еңбек демалысына шығып, басқа жұмысқа ауысуына байланысты кейін жұмыстан босатылды. Вице-министр мен ведомство басшылығының арасындағы кикілжің туралы желіде таралып жатқан ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, – деп жазылған энергетика министрлігінің хабарламасында.


Айта кетейік, кейінгі 2 тәулікте Қазақстанның 7 бірдей қаласы жылусыз қалған еді.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.