Ерлан Тұрғымбаев тергеуге шақырылды
Бұрынғы Ішкі істер министрі, кейін президент кеңесшісі қызметін атқарған Ерлан Тұрғымбаев қаңтар оқиғасына қатысты тергеуге куәгер ретінде шақырылды.
Бұл туралы Бас прокуратура «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің сауалына берген жауабында мәлімдеді.
– Бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтан Бас прокуратураның ведомствоаралық тергеу-жедел тобы тергеп жатқан қылмыстық іс бойынша куәгер ретінде жауап алды, – деп жазылған ресми жауапта.
Ведомство тергеу мүддесіне сай басқа ақпарат жариялауға жатпайтыны хабарланған.
Айта кетейік бұған дейін Бас прокуратура қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандардың тізімін жариялаған еді.
Фото: Турар Казангапов
Комментариев пока нет