Ертең мәслихатта елорда атауын өзгерту мәселесі қаралады - Exclusive
Поддержать

Ертең мәслихатта елорда атауын өзгерту мәселесі қаралады

15 қыркүйек күні мәслихатта Нұр-Сұлтан қаласының атауын Астана деп өзгерту мәселесі қаралады.

– 2022 жылғы 15 қыркүйекте сағат 10.00-де өтетін Нұр-сұлтан қаласы мәслихатының қарауына Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласын Астана қаласы деп қайта атау туралы мәселе қаралады, – делінген хабарламада.

Еске салайық, 2 қыркүйекте Мәжіліс депутаттары елордаға Астана атауын қайтаруды ұсынған болатын.

13 қыркүйекте мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Нұр-Сұлтанды Астана деп қайта атау туралы бастамаға түсініктеме берді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне қойылған басқа атаулар қалуы керек.

Фото: Вечерняя Астана




1 Комментарий

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

  1. Ақмола қаласы деп қайта атау туралы мәселе көтеруі керек. Астана деген атау — балаға Бала деп ат қойған сияқты болды ғой. Көп жылдан бері бұл атау күлкі тудырып келді. Ойлаңдар.