English version

Қазақстанның бірқатар өңірінде жарық өшіп қалды

События дня — 25 января 2022 00:00
0

Бүгін Өзбекстан мен Қырғызстан және Тараз, Шымкент басқа да облыстардың кей аудандарында жарық сөнді.

— Жарық KEGOC желісінің бойында сөнді. Желілердегі кернеу төмендеп кетті. АЖК қосалқы станцияларындағы автоматты басқару жүйесі іске қосылды, — деп хабарлады Алматы әкімдігінен.

Алматыда жарықтың өшуінен көшедегі бағдаршамдар жұмыс істемей, жолдарда кептеліс пайда болған.

— Алматы уақыты бойынша сағат 13:01-дегі жағдай бойынша жоғары вольтты электр желісінің жұмысындағы ақауға байланысты Алматыда жергілікті электр қуатын берудің 50 пайызы қалпына келтірілді, — деп хабарлады «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ.


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.