Ya Metrika Fast
ҚҰРЫЛТАЙ
Партия «Адилет» (Әділет)


Реестр деклараций

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов пен «Каспий Құбыр Консорциумы» АҚ бас директоры Николай Горбань қазақстандық мұнайды экспортқа тасымалдау бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

События дня — 27 мая 2022 00:00
0
Изображение 1 для Үкімет басшысы Әлихан Смайылов пен «Каспий Құбыр Консорциумы» АҚ бас директоры Николай Горбань қазақстандық мұнайды экспортқа тасымалдау бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов пен «Каспий Құбыр Консорциумы» АҚ бас директоры Николай Горбань қазақстандық мұнайды экспортқа тасымалдау бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында қазіргі кезде мұнай құбырының өткізу қабілетіне қойылған шектеулер алынып тасталғаны және қазақстандық жүк жөнелтушілерден мұнай қабылдау толық көлемде қалпына келтірілгені айтылды.

– КҚК теңіз терминалында зақымдалған жылжымалы айлақ құрылғыларын жөндеу жұмыстары аяқталғанына қуаныштымыз. Бұл шектеулерді алып тастауға және Қазақстанда мұнай өндіруді толық көлемде қалпына келтіруге мүмкіндік берді, — деді Смайылов.

Сондай-ақ, Теңіз кен орнын болашақта кеңейту жобасы аяқталғаннан кейін қосымша мұнай көлемін тасымалдау үшін КҚК құбыр жүйесінің осал жерлерін жою жобасын уақытылы іске асырудың маңыздылығына тоқталып, тапсырма берді.


Чингиз Айтматов

– КҚК мұнай құбырын одан әрі апатсыз және үздіксіз пайдалануды қамтамасыз ету аса маңызды. Бұл үшін барлық қажетті шараларды қабылдау керек деп санаймын, — деді Үкімет басшысы.

Фото: primeminister.kz


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.