Сатпаевта сотталған педофилдер аппеляция берді
Сатпаев қаласында бес жасар қызды зорлау ісі бойынша сотталған ерлі-зайыптылар апелляциялық шағым түсірді. Сот тыңдауы Қарағанды облыстық сотында өтіп жатыр. Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
«Сот жабық процесті қарау сатысында ешқандай ақпарат айта алмайды» деді соттың баспасөз қызметі.
Сот жабық режимде өтеді. Соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, процесс қорытындысы бойынша қабылданған шешім туралы ақпарат жарияланады.
Еске салайық, қайғылы оқиға 2020 жылдың 23 шілдесінде болған. Алқабилер соты дауыс беру нәтижелері бойынша ерлі-зайыптыларды ҚР Қылмыстық кодекстің 121-бабы (нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттері), 120-бабы (зорлау) және 106-бабы (ауыр дене жарақатын салу) бойынша кінәлі деп таныды.
Ер адам қылмысты мас күйінде жасаған. Сотталушы мерзімнің алғашқы бес жылын төтенше қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтейді. Өмірінің соңына дейін бас бостандығынан айырылды.
Оның жұбайына педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығына өмір бойына тыйым салынып, 22 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үшінші күдікті тергеу барысында өз-өзіне қол жұмсады.
Комментариев пока нет