Алаяқтық жасаған шенеуніктер аз емес
Биылғы қаңтар мен қыркүйек аралығында Қазақстанда «алаяқтық» бабы бойынша 31,9 мың құқықбұзушылық тіркелген, бұл былтырғы көрсеткіштен 39%-ға көп, деп хабарлайды exclusive.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап.
Бұлардың жартысынан астамын (52%-ы немесе 16,6 құқықбұзушылық) интернет-алаяқтық құрайды. Сондай-ақ елімізде төлем картасына қатысты 266 қылмыстық құқықбұзушылық, қарызға ақша алуға қатысты 108 құқықбұзушылық, несие беру саласында 31 құқықбұзушылық және жер қатынастары мен жылжымайтын мүлікке қатысты 6 құқықбұзушылық тіркелген.
“Алаяқтық” бабы бойынша жасалатын құқықбұзушылықтар қазіргі таңда елімізде жасалатын барлық қылмыстық құқықбұзушылықтың ширек бөлігін (25,5%) құрап тұр.
Өңірлерге шақсақ, ең көп қылмыстық құқықбұзушылық Алматы жасалады екен: биыл онда 6,4 мың жағдай тіркелген, бұл былтырғы көрсеткіштен 38%-ға көп. Антирейтингтің алғашқы үштігіне екі мегаполис та кіреді: Нұр-Сұлтанда 5,2 мың (былтырғыдан 79,3%-ға көп) құқықбұзушылық жасалса, Шымкентте 2,9 мың құқықбұзушылық (былтырғыдан 20,5%-ға көп) тіркелген.
“Алаяқтық” бабы бойынша ең аз құқықбұзушылық Қызылорда облысында тіркелген (577 факт, былтырғыдан 22%-ға көп).
Алаяқтықты көбіне жұмыссыз азаматтар істеген (3,7 мың адам). Сондай-ақ алаяқтар арасында 121 жұмысшы, 110 мемлекеттік қызметкер, 101 жеке кәсіпкер, 36 оқушы/студент және 9 әскери адам бар болып шықты.
Биылғы тоғыз айда жасалған алаяқтың кесірінен 47,4 млрд теңгеге зиян келген. Оның 34,9 млрд теңгенің зиянын – жеке тұлғалар, 8,3 млрд теңгенің зиянын – мемлекет, 4,2 млрд теңгенің зиянын заңды тұлғалар шеккен.
Комментариев пока нет