Биыл кемінде 440 мың жұмыс орны құрылуы тиіс – А. Мамин
Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен Үкімет отырысы өтіп, халықты жұмыспен қамту шаралары қаралды.
Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов баяндама жасады.
Бұл туралы exclusive.kz primeminister.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
2021 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша жұмыспен қамту шараларымен 1 млн-нан астам қазақстандық қамтылды. Биылғы жылдың соңына дейін қосымша 200 мың адамды қамту көзделген.
— Бұл шаралар жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеуге және оны 4,9% деңгейінде ұстап тұруға мүмкіндік береді. Маңызды мәселе – тұрақты жұмыс орындарын құру, биыл кемінде 440 мың жұмыс орны құрылуы тиіс, — деді Асқар Мамин.
Сондай-ақ, Еңбек министрлігіне салалық мемлекеттік органдармен, өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, бір ай мерзімде экономиканың сапалы және орнықты өсуін қамтамасыз ету үшін кадр қажеттілігін анықтау мәселесін өзектендіру тапсырылды. Мамин экономикалық белсенділікке жұмыспен қамтудың жаңа формаларын тарту қажет екенін атап өтті.
Комментариев пока нет