335 млн ақшаны жымқырған 6 шенеунікке сот үкімі шықты
Поддержать

335 млн ақшаны жымқырған 6 шенеунікке сот үкімі шықты

Балалар лагеріндегі тамаққа бөлінген 335 млн теңгені қолды еткен Қызылордалық 6 шенеунікке қатысты сот үкімі шықты.

6 шенеунік зағип балаларға бөлінген ақшаны жымқырған. Олардың кінәсі сотта толық дәлелденді.

2020 жылы пандемияға байланысты балалар лагері өз жұмысын тоқтатқан. Бірақ Шиелі аудандық білім басқармасының бұрынғы сала меңгерушісі мен есепшісі жалған төлем құжаттарын рәсімдеген.

Сәуірден қарашаға дейін мектеп оқушыларының жазғы демалысы мен ыстық тамақтарын ұйымдастыруға жұмсалған қаржыға төлем құжаттарын жасаған. Іске жергілікті кәсіпкер де қатысқан.

– Қолды болған ақшаға 2020 жылғы Toyota Camry, Lexus GX 460 және Lexus ES 350 маркалы көліктер мен еуропалық брендтердегі жиһаз, ыдыс аяқ, киімдер сатып алынғаны белгілі болды, – деді тергеуші Аймұрат Абаев.

Айта кетейік, 5 айға созылған тергеу жұмыстар облыс әкімдігінің 4 бұрынғы қызметкері мен 2 сыбайласының мүлкі тәркіледі. Олар 7-10 жылға бас бостандықтарынан айрылды.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *