Шенеуніктер мен оның отбасындағылардың ақшалай операциялары тексеріледі
Поддержать

Шенеуніктер мен оның отбасындағылардың ақшалай операциялары тексеріледі

Сенат депутаттары Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заң жобасын мақұлдады. Құжат мемлекет басшысына қол қоюға жіберілді.

Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды.

Заң жобасының негізгі жаңалықтары туралы депутат Ольга Перепечина баяндады.

— Заң жобасы шенеуніктерге тиісті тексеру шараларын белгілейді. Ұлттық мемлекеттік шенеунік институтын кезең-кезеңімен енгізу, олар жүзеге асыратын ақшамен және өзге де мүлікпен жасалатын операцияларға заңнамалық деңгейде бақылау орнату мақсатында «Мемлекеттік лауазымды тұлғалар» ұғымын біріктіру ұсынылады, — деді ол.

Бұл ретте сенатор аталған тұлғалардың тізімін Президент бекітетінін, ал мемлекеттік қызметкерлердің, олардың жұбайлары мен жақын туыстарының тізімін Қаржы мониторингі агенттігі жүргізетінін баса айтты.

— Қаржы мониторингi субъектiлерiнен тиiстi қызметтердi алу кезiнде тәуекелдiң жоғары деңгейi белгiленген мемлекеттiк лауазымды тұлғаларға, олардың жұбайларына және жақын туыстарына қосымша тиiстi тексеру шаралары қолданылатын болады. Өкілеттіктері тоқтатылған жағдайда бұл тұлғаларға да 12 ай ішінде ақшамен және өзге де мүлікпен операциялар жасаған кезде қосымша тексеру шаралары қолданылады, — деді депутат.
Мониторингтің бұл түрі сыбайлас жемқорлықпен күресте қосымша құрал болатыны да айтылды.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *