Польша мен Беларусь шекарасында жағдай ушықты
Поддержать

Польша мен Беларусь шекарасында жағдай ушықты

Таяу Шығыс пен Африкадан бас сауғалаған мыңдаған мигранттар Польша Беларусь шекарасына жиналды. Олар шекараны кесіп өткісі келеді.

Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды.

Беларусь-Польша шекарасы Гродно облысындағы Брузги бақылау-өткізу бекетінің маңында орналасқан. Арқалаған жүктері мен балалары бар қалың топ Беларусьтің Польша бағытындағы федералдық тас жолдарының бірінде қозғалысты тоқтатты. Ресми шекара бекетіне адамдарды кіргізбеді. Олар енді орман арасын мекендеп күнелтпек.

Беларусь ақпарат құралдары қазірдің өзінде Польша шекарасына үш мыңға жуық босқын келгенін хабарлады. Мигранттар шатыр тігіп, от жағып жатыр.

– Біз Беларусьтен түсініктеме талап етеміз. Сонымен қатар, біз Еуропалық Одақ пен Солтүстік Атлантикалық альянстағы серіктестерімізді осы оқиғалардың барлығы туралы хабардар етеміз. Өйткені бірлескен және біртұтас жауап қана Лукашенко мен оны қолдайтын Путиннің режимін тоқтата алады, – деді Польша Сыртқы істер министрінің орынбасары Петр Вавжик.

Шекара маңына жайғасқан мигранттардың негізі мақсаты Польша арқылы Германияға өту. Польшада қалу туралы ниетіміз жоқ деген кейбір мигрант араларында кішкентай балалардың көп екенін айтты. Синоптиктер бүгін түнде аяз болады деп болжап отыр.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.