Қазақстанда заңсыз жүрген 80 мың көлік бар - ІІМ
Поддержать

Қазақстанда заңсыз жүрген 80 мың көлік бар — ІІМ

ІІМ Қазақстанда ресейлік нөмірде тіркелген автокөліктер заңсыз екенін айтты.

Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды.

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция Комитеті басқармасының бастығы Юрий Козлов түсіндіргендей, Ресейден 120 мыңға жуық автомобиль «жол қозғалысы туралы»заңда белгіленген талаптарға сәйкес келеді. Оларға шын мәнінде шағым жоқ.

— Олар Қазақстан жолдарымен 1 жылға дейін еркін жүре алады. Ресейде есептен шығарылған және Қазақстанда тіркелмеген 80 мың автокөлік бар. Бұл көліктер тіркелгенге дейін пайдаланылмауы керек. Олар еркін жүріп, жол ережесін бұзады, — деп түйіндеді Юрий Козлов. 

Еске салайық, жақында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қазақстанда ресейлік есепте тұрған 210 мың автомобиль бар екенін айтқан еді.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.