Алматы облысында су қоймасының бөгеті жарылды
Алматы облысында Книжевский су қоймасының бөгеті жарылды.
Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды.
21 қараша күні сағат 23:13-те Алматы облысының ТЖМ-не Мыңбаев ауылына жақын жерде Книжевский су қоймасы бөгетінің жарылғаны туралы хабарлама келіп түсті, — деп хабарлады ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.
ТЖМ атап өткендей, су қоймасының көлемі 4,47 млн.текше метрді құрайды, қазіргі уақытта ол 50% — ға толтырылған).
Су құйылғаннан кейін Қарғалы өзенінің арнасына құяды және одан әрі Іле ауданының Күрті су қоймасына құяды (толтыру пайызы – 14%, жобалық көлемі-120 млн.текше метр).
Оқиға салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер, сондай-ақ үйлерін су басқан тұрғындар жоқ. Облыстық маңызы бар «Мыңбаева-Қасымбек»автожолын су шайған. Полиция қызметкерлері қозғалысты шектеу бойынша бекеттер қойды.
Оқиға орнында Алматы облысы ТЖД бастығы бастаған ҚР ТЖМ бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері бар.
Комментариев пока нет