Желіде өз өліміне колония әкімшілігін кінәлауды сұраған сотталушының видео хабарламасы тарады
Әлеуметтік желіде Қарағанды облысы Қарабас ауылындағы АК-159/18 колониясында жазасын өтеп жатқан сотталушының видео хабарламасы тарап жатыр.
Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды.
Сотталушы видео хабарламада өзінің өліміне күзет мекемесінің әкімшілігін кінәлауды сұрайды.
Видео Instagram желісінде пайда болып, дау тудырды. Бейнежазба авторы өліміне мекеме әкімшілігін кінәлі деп айыптауды сұрайды. Ер адам камераға денесіндегі тыртықтарын көрсеткен.
Бұл жазбаға Қарағанды облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметінде түсініктеме берілді. Ведомствода сотталушының ұрлық және қарақшылық жасағаны үшін Қарабас ауылындағы АК-159/18 колониясында жазасын өтеп жатқанын атап өтті.
— 11-15 қарашада АК-159/18 мекемесінде құқық бұзушылықтың алдын алу және тыйым салынған заттарды тәркілеу мақсатында тінту жүргізілді. Осы іс-шаралар барысында 40-тан астам мобильді құрылғы мен 0,5 келіге жуық есірткі заттары табылып, тәркіленді. Тінту аяқталғаннан кейін бірқатар сотталушылар тыйым салынған заттарды алып қоюмен келіспейтіндіктерін айтты. Видео да тінтуден кейін пайда болды. Осылайша сотталғандар мекеме әкімшілігіне айла-шарғы жасап, жалтаруға тырысады. Тыйым салынған заттарды сақтауға жауапкершілік жүктеледі, — деп хабарлады Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Сондай-ақ департамент тінту прокуратура, қоғамдық бақылау комиссиясы өкілдерінің, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қатысуымен өткенін айтты.
Процесс бейнебақылау камераларына, сондай-ақ колония мен Ұлттық ұлан офицерлерінің бейнетіркегіштеріне түсірілген. Тексеру кезінде жазасын өтеп жатқан тұлғалардан шағымдар түскен жоқ.
https://www.instagram.com/tv/CWmmZeFq5g9/?utm_source=ig_web_copy_link
Комментариев пока нет