Қазақстанда автогазға ауыстырылған көліктер саны артты
Жыл басынан бері Қазақстан Республикасында 2,6 млн тонна сұйытылған мұнай газы өндірілді. Бұл өнімнің ішкі нарықтағы негізгі тұтынуының 60%-дан астамы автокөліктердің үлесіне тиеді. Үкімет отырысында Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев ақпаратпен бөлісті.
Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды.
Мағзұм Мырзағалиев биылғы жылдың қаңтар-қазан айларында сұйытылған мұнай газын өндіру 2,6 млн тоннаны немесе 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,3%-ды құрағанын айтты. Жыл соңына дейін сұйытылған мұнай газын өндіру 3,2 млн тоннаны құрайды деп күтілуде.
— Ішкі нарықтағы сұйытылған мұнай газының негізгі тұтынуының 60%-дан астамы автокөліктердің үлесіне тиеді. 2019 жылдан бері сұйытылған газға көшкен көліктер саны 2021 жылға қарай 2,2 есе өсіп, 310 мыңнан астам бірлікке жетті, — деді Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев.
Энергетика министрлігінің басшысы сұйытылған газ өндірісін арттыру үшін үш жобаны жүзеге асыру жоспарланып отырғанын айтты. Сондай-ақ Жаңаөзен қаласында қуаттылығы 900 млн текше метр болатын жаңа газ өңдеу зауытын салу жоспарда бар. Министрдің айтуынша, зауыт шамамен 760 миллион текше метр тауарлық газ өндіретін болады.
Сондай-ақ биылғы жылы Қашаған кен орнында қуаты 1 млрд текше метр газ өңдеу зауытының құрылысы басталды. Жоспарланған аяқталу мерзімі – 2023 жыл.
— Зауыт 800 миллион текше метр тауарлық газ, 119 мың тонна сұйытылған газ, 35 мың тонна конденсат, 212 мың тонна күкірт өндіріледі, — деді Мағзұм Мырзағалиев.
Бұл жобаларды жүзеге асыру, министрдің айтуынша, сұйытылған газ өндіру көлемін 2025 жылға қарай 300 мың тоннаға, 3,5 миллион тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
Комментариев пока нет