Қазақстан Түркияның қалдықтарды электр энергиясына айналдыру тәжірибесін қолданады
Экология вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов бастаған Қазақстан делегациясы қалдықтарды өңдеу тәжірибесін зерделеу мақсатында Стамбулға барды.
Стамбулда ресми түрде 15,46 миллион адам тұрады, туристермен бірге мегаполис халқының саны 20 миллионға жетеді. Қалада күн сайын 18 117 тонна қоқыс шығады. Қазір Түркияда қалдықтарды басқарудың жетілдірілген жүйесі бар.
Профессор, Стамбул муниципалитетінің қорғау және дамыту бөлімінің басшысы Айшен Эрдинчлердің айтуынша, алдымен қоқыстарды аудандық муниципалитеттер жинайды, содан кейін арнайы учаскелерге апарады, олар сұрыпталып, әрі қарай не істеу керектігін шешеді.
— Қоқыстың 19 пайызы қайта өңделеді, 16 пайызы жағылады, 10 пайызы ауылшаруашылығы мен ландшафтқа арналған компост, 70 пайызы полигондарда сақталады, — деді Айшен Эрдинчлер.
Қоқыстан алынған компост қалалық гүлзарлар мен саябақтар үшін топырақ тыңайтқышы ретінде пайдаланылады. Өртенген қалдықтардан 1,5 миллионға жуық халық үшін электр энергиясы өндіріледі.
— Қалдықтарды кәдеге жаратудағы біздің көзқарасымыз ұтымды – біз жиналған барлық қалдықтарды арнайы өндіріс орындарына жеткізіп, олардан баламалы энергия өндіруіміз керек. Бұл 2050 жылға дейінгі жұмысымызды бағдарлайтын іс-шаралар жоспарының бір бөлігі. Осы уақытқа дейін біз жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуді жоспарлап отырмыз. 70% қоқысты баламалы энергия көздеріне айналдыру керек, — деді профессор Айшен Эрдинчлер.
Комментариев пока нет