Абаев министрлер мен әкімдердің жалақысын сұрау күлкілі екенін айтты
Поддержать

Абаев министрлер мен әкімдердің жалақысын сұрау күлкілі екенін айтты

Қазақстан президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев журналистердің министрлер мен әкімдердің жалақысын сұрауын хайп деп атап, бұндай сұрақ қою күлкілі екенін айтты.

– Мен мұны хайп деп атар едім. Сыбайлас жемқорлық, лауазымын асыра пайдалану, мемлекеттік қызметкердің әдепке жат қылығын сынауды түсінемін. Алайда журналистің министр немесе әкімнен жалақысы туралы «маңызды журналистік зерттеу» жүргізгендей сұрақ қоюы күлкілі көрінеді. Ал үкіметтегі және әкімдіктегі әріптестеріме қызармай, іркілмей, шынайы түрде жалақысы туралы айтуға кеңес берер едім, – деді Абаев «Ашық диалог» бағдарламасында.

Еске салайық, бүгінге дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің жалақы мөлшері белгілі болды.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *