Қараша айындағы орташа зейнетақы мөлшері аталды
Поддержать

Қараша айындағы орташа зейнетақы мөлшері аталды

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2,4 трлн теңгеден астам зейнетақы төленді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

2021 жылғы қаңтар-қараша аралығында республикалық бюджеттен базалық зейнетақыны төлеуге шамамен 750,8 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдерін төлеуге – 1 трлн 696,4 млрд теңге бағытталды, — деп хабарлады ЕХӘҚМ.

2021 жылғы қарашада республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 221,2 млрд теңгеден астам, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 68 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге — 153,2 млрд теңге жұмсалған

2021 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 99 726 теңгені құрады.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.