Алматы облысында экс-әкімге 59,4 миллион теңге айыппұл салынды
Поддержать

Алматы облысында экс-әкімге 59,4 миллион теңге айыппұл салынды

Алматы облысында пара алды деген күдікке ілінген Талғар облысының бұрынғы әкімі Серікжан Ерекешев сотталды.

— 14 желтоқсанда Алматы облысы Талғар аудандық сотының үкімімен Талғар ауданының экс-әкімі Ерекешев айыпты деп танылып, оған 59,4 миллион теңге айыппұл салынды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы және Шамаевқа да дәл осындай үкіммен 29,7 млн теңге айыппұл салынды, — делінген хабарламада.

Лауазымды тұлғалар су құбырының құрылысы бойынша атқарылған жұмыс актілеріне қол қойған және ЖШС директорынан екі миллион теңге пара алды деген күдікке ілінгені атап өтілген.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, Серікжан Ерекешевтің ұсталғаны ақпан айында белгілі болды. Одан кейін онымен бірге оның орынбасары әрі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Асқар Шамаевтың да ұсталғаны хабарланды.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *