«Үш апта бойы ауыз ашпады». Нығматулин БЖЗҚ басшысына шүйлікті
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры басқарма төрағасы Жанат Құрмановты халық алдына шығып, жеткілікті шектің неге өскенін уақытында түсіндірмегені үшін қатаң сынға алды.
Мәжіліс отырысында сақтандыру нарығы туралы заң жобасын талқыланып, депутаттар БЖЗҚ басшысына бірлескен ерлі-зайыпты аннуитеті туралы сұрақ қойды. Жанат Құрманов қойылған сұраққа нақты жауап бере алмады.
— Осы заңның жаңа нормалары екінші нұсқаны кеңейтеді. Әрине, өмірде әртүрлі жағдай болады, мысалы ерлі-зайыптының бірі қайтыс болуы мүмкін немесе ажырасады. Сондықтан заң бойынша осындай мәселелер шешіледі. Шартқа қосымшада жеке төлем кестесі бойынша осы мәселені шешуге болады, — деді Жанат Құрманов.
«Бұл мәселені қалай шешуге болады?» деп Нығматулин Құрмановқа мәжіліске дайындалып келу керек екенін ескертті.
— Шешуге болады деп үшінші рет айтып отырсыз. Сіз бір айдың ішінде халық алдына шығып, сұрақтарға (жеткілікті шек жайлы) неге жауап бермегеніңіз енді түсінікті болды. Бір мәселеге жауап бере алмайсыз. Тікелей сұраққа сол жақтан да, оң жақтан да кіретін жол іздеп тұрсыз. Депутат тікелей сұрады ғой. Қалай басқарып жүрсіз, егер соны білмесеңіз? Екі негізгі қадам жасау керек. Соны айта алмай тұрсыз, — деді Мәжіліс спикері.
Комментариев пока нет