«ИК» тобының солисі: Халық рухын көтеру үшін шындықты көрсету керек
Поддержать

«ИК» тобының солисі: Халық рухын көтеру үшін шындықты көрсету керек

Жуырда ғана экранға шыққан «Отыздан асып барамын» фильмі көрерменнің жүрегін жаулап, ел ықыласына бөленді.

Басты рөлдердің бірін сомдаған «Ирина Кайратовна» тобының мүшесі, актер Алдияр Жапарханов шығармашылық туралы өз ойымен бөлісті. Ол халықтың рухын көтеру үшін шындықты түсіру жеткілікті деп есептейді. Instagram желісінде жаңа жұмыс туралы пікірімен бөлісті.

— Барлығына алғыс айтамын, бірақ бір нәрсені байқадым: халықтың рухын көтеру үшін шындықты көрсету керек. Әрине, біздің Қуаныш – кемеңгер. Бүкіл командаға рахмет, — деді ол.

Алдияр Жапарханов тәуелсіздіктің қазаққа берген үлкен сый екенін айтып, сақтап қалу жастардың қолында екенін жеткізді.

— Тәуелсіздік – сый, біз кейінгі жастар мұны түсінуіміз керек, – деп жазды ол.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *