Назарбаевтың қызымен байланысы бар делінген компанияға бес жылда 692 млрд теңге қаражат түскен
12 қаңтар күні жаңа құрамдағы үкімет отырысы өтіп, Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлімдеме жасап, утилизация алымын жинайтын «Оператор РОП» компаниясына кейінгі бес жылда 691,9 млрд теңге қаражат түскенін айтты.
Осылайша, Назарбаевтың кіші қызымен байланысы бар делінген жеке компанияға бес жыл ішінде 691,9 млрд теңге қаражат түскен.
– 2016 жылдан бүгінгі күнге дейінгі кезеңде кәдеге жарату түрінде түскен төлем көлемі 691,9 млрд теңгені құрады. Алынған қаражат Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес жұмсалды. Атап айтқанда, отандық автокөлік өндірушілерге – 338,9 млрд теңге мөлшерінде кәдеге жарату түріндегі бұрын төлеген қаражаттары қайтарылды. Экологиялық мәселелерді шешуге 102 млрд теңге және салықтарға 49,1 млрд теңге жұмсалды. Бүгінгі таңда қаражат қалдығы – екінші деңгейлі банктерде 220,6 млрд теңгені құрайды, – деді Серікқали Брекешев.
Сондай-ақ, отырыста Тоқаевтың биылғы 11 қаңтарда Парламент Мәжілісінде сөйлеген сөзінде берген тапсырмаларын орындау жөніндегі шаралар қаралды.
Премьер-министр 1 ақпанға дейін «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорын құру мәселелерін пысықтауды тапсырды.
Комментариев пока нет