Жаңа министр қазақстандықтардың АҚШ-тағы шоттарын анықтайтынын айтты
Жаңадан тағайындалған ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров қазақстандықтардың АҚШ-тағы шоттарын анықтайтынын айтып, уәде берді. «Астана» телеарнасының мәліметіне сәйкес, министр бұл турал Мәжіліс отырысында мәлімдеген.
Құжат аясында халық пен барлық қаржы ұйымы АҚШ-тағы шоттар туралы есеп беруге міндеттеледі. Ақпарат беруден бас тартқан жағдайда олардың банк аударымдарынан 30 пайызға дейін ұстап қалады.
— Келісімге қосылған қаржы институттары Қазақстанда шот ашқан барлық америкалық жеке және заңды тұлға туралы ақпаратты анықтауға және әшкерелеуге міндеттеледі. Қазақстанның келісімге қосылуы АҚШ-та шот ашқан барлық қазақстандық жеке және заңды тұлға туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді, — деді Мәжіліс отырысында Қуантыров.
Айта кетейік, депутаттар бұл идеяны мақұлдады.
Комментариев пока нет