Үкімет басшысы бизнес жұмысына бөгет жасамауды тапсырды
Поддержать

Үкімет басшысы бизнес жұмысына бөгет жасамауды тапсырды

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Үкімет отырысы өтіп, елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың нашарлағаны туралы баяндады.

Өңірлерде коронавирус инфекциясы әлі де өршіп тұр. «Сары» аймақта орналасқан Түркістан облысынан басқа барлық өңірлер «қызыл» аймақта.

Смайылов елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды әрі қарай бақылауда ұстауды тапсырды. Сонымен қатар, карантиндік шектеулерді бизнес үшін жеңілдете отырып, қайта қарау тапсырылды.

— Бизнестің жұмысына бөгет жасамай, туындаған проблемаларды бірлесіп шешуіміз керек, — деді Ә. Смайылов.

Фото: primeminister.kz




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *