Назарбаеваның құдасы қызметінен босатылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Берік Имашев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы қызметінен босатылды.
– Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Берік Имашев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы қызметінен босатылды. Мемлекет басшысы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы лауазымында атқарған көп жылғы жемісті еңбегі үшін Берік Имашевқа алғыс білдірді, — делінген ресми хабарламада.
Орталық сайлау комиссиясының жаңа төрағасы болып Нұрлан Әбдіров сайланды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.
– Нұрлан Мәжитұлы Әбдіров Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы лауазымына тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев, – делінген хабарламада.
Комментариев пока нет