Қазақстанда «Қаңтар» құқықтық қолдау орталығы құрылды
Еліміздің барлық аймақтарында қайғылы қаңтар оқиғасының құрбандары мен зардап шеккендерге көмектесетін «Қаңтар» құқықтық қолдау орталығы құрылды.
Бұл орталық қаңтардағы оқиға туралы келіп түскен ақпараттарды жүйелейді.
«Қаңтар» құқықтық қолдау орталығының қызметтері:
азаматтар мен кез-келген қоғамдық ұйымдардан келіп түскен қаңтар оқиғасы
салдарынан қаза тапқандар мен хабарсыз кеткендер туралы ақпаратты жүйелеуге
септеседі;
қаза болғандардың туыстарына, бейбіт наразылық шерулеріне қатысқаны үшін
қудалау нәтижесінде қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тартылғандарға, азаптау мен
басқа да адам құқықтарын бұзу салдарынан зардап шеккендерге білікті заңгерлік көмек
беру шарасын ұйымдастыруға септеседі.
Photo: Vladimir Tretyakov
Комментариев пока нет