Қытай концлагеріндегі азаптау туралы кітап шықты
Поддержать

Қытай концлагеріндегі азаптау туралы кітап шықты

Қытай концлагерінде зорлық пен азаптаулар туралы деректі шығарма сатылып жатыр.

Авторы — қоғам белсендісі, «Демос» ҚБ төрағасы Тұрарбек Құсайынов. Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында жазды.

— Қытай концлагерінде зорлық пен адам төзгісіз азапты басынан кешірген жұбайымның нақты фактілер мен құжаттарға негізделген жан-айқайын Нағыз Атажұрт ұйымы мен халықаралық құқыққорғаушы Серікжан Біләшұлы-ның қолдауымен жазып шықтым.

«21-ҒАСЫРДАҒЫ ГЕНОЦИД: ЗҰЛМАТТАҒЫ ҚАЗАҚТАР» атты шағын автобиографиялық деректі туынды Пекинде өтетін XXIV-ші олимпиада ойындарына БОЙКОТ ретінде жазылды.

Ардақты ағайын ҚХР-дың жергілікті ұлттарға жүргізіп отырған қанішер-қанқұйлы саясатын мейлінше әшкерелейтін аталмыш деректі шығарманы Amazon.com сайты арқылы саудаға шығардым.

Кітаптың сатылымынан түскен қаражат- қанды қаңтар қырғынында еркіндік пен демократияны ту қылған,яғни азаттықтың жолында көз жұмған марқұмдар Һәм жараланған бейбіт қазақтардың отбасына аз да болса да көмек-жәрдем болады деген үміттемін.
Жаратушы-Тәңір залымдар мен тирандардың бейкүнә халыққа жасаған озбырлығының жазасын осы физикалық өмірде беріп,елімізге түбегейлі өзгерістерді нәсіп етсін, — делінген жазбада.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *