ҚМДБ қабірді қайта ашуға рұқсат берді
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Сансызбай Құрбанұлы шариғат бойынша қабірді қандай жағдайда қайта ашуға болатынын айтты.
Оның айтуынша, қабірді қайта ашу — үлкен күнә. Бірақ шариғат бойынша қылмыстық жағдай болып, істі анықтау керек болса қабірді ашуға рұқсат екенін мәлімдеді.
— Шариғатымызда қабірді бекер ашса, ол харам болады. Үлкен күнә болады. Қабір тек зәру жағдайда ғана ашылады. Мысалы, жерленген адам мәйіт жатқан жерді су басса, яғни мәйіт судың астында қалса немесе ол біреудің меншігіндегі жерде жерленсе, жер иелері «мына мәйітті алып шығып кет» десе. Үшінші жағдай, қылмыстық істі анықтау үшін қабірді ашуға мәжбүр болса, бәрі соған келіп тірелсе, сонда ғана қабірді ашуға шариғатымыз рұқсат береді. Ал басқа жағдайда ол зәрулік болмаса, қажеттілік тумаса ол жатқан мәйіттің қабірін ашу шариғатымызда харам, үлкен күнә, — деді Сансызбай Құрбанұлы.
Қазақстанның түрлі аймақтарында бүлік кезінде оққа ұшып, жерленген азаматтарды сот шешімімен қайта қазып алып жатыр.
Әлеуметтік желілерде де шағымын айтқан азаматтар көп. Халық бұл шешімге наразы.
Фото: Мүфтият
Комментариев пока нет