Тоқаев не себепті ескертусіз оқ атуға бұйрық бергенін айтты
Поддержать

Тоқаев не себепті ескертусіз оқ атуға бұйрық бергенін айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев эксклюзив сұхбат берді. Сұхбат «Хабар» және «Хабар 24» арналарының эфирінде көрсетілді.

Сұхбаттың басында президент Алматыдағы шабуылды кәсіби мамандар әзірлегенін баса айтты.

— Бейбіт наразылықтардан бастап тәртіпсіздіктердің барлық кезеңі, шынында да, кісі өлтіру, тонау сияқты әрекеттерге дейін болды. Бәрі — кәсіби түрде ойластырған және орындалған тұтас операция. Бейбіт демонстранттардың орнына бұзақылық жасаған, полиция қызметкерлеріне қарсы шыққан жастар келді. Содан кейін үшінші толқын қарақшылар, кісі өлтірушілер келді, олардың саны да өте көп болды. Ең бастысы, оларды кәсіби содырлар басқарды. Олар дайындықтан өтіп, жергілікті жерлерге жақсы бағдарланған, — деді Тоқаев.

Бейбіт шерушілерге ескертусіз оқ ату дегеннің дұрыс емес екенін айтқан Тоқаев бұйрық берген сәтінде алаңда бейбіт шерушілер болмағанын айтты.

— «Бейбіт шерушілерге оқ атуға бұйрық берді» деп сөйлеудің қажеті жоқ. Бұл кезде алаңда бейбіт шерушілер болған жоқ. Қарақшылық жасап, бүлік шығарып жатты. Бандиттердің ісінен асқан жауыздық байқалды. ТЖ жағдайы енгізілгенде басты ұйымдастырушы — ішкі органдар. Ал терроризмге қарсы операция жарияланса, басты ұйымдастырушы ҰҚК болуы керек. Іс тапсырылмай, жиналыстар болып жатқанда бұлай өту қиын болды. Сосын мен «Мырзалар, соғыс болып жатса, сіздер кеңесіп отырсыздар. Мен сіздерге бүлікті басуға барлық жауапкершілікті тапсырамын, жоғары қолбасшы ретінде ғана емес, Ұлттық қауіпсіздік кеңесі төрағасы ретінде бұйрық беремін» дедім, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Фото: Ақорда




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *