Антикор бірнеше өңірде шенеуніктер ұсталғанын хабарлады
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қазақстанның бірнеше өңірінде ауыл шаруашылығы басқармалары қызметкерлерінің ұсталғаны туралы хабарлады.
— Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ШҚО бойынша АШБ басшысы В.Айламазян, Жамбыл облысы АШБ басшысының орынбасары Е.Күлкеев және Маңғыстау облысы АШБ басшысының орынбасары Б.Ізімтаевты ұстады, — делінген хабарламада.
Басқарма Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайтынын қосты.
Коллаж: tengrinews
Комментариев пока нет