Энергетика министрі атом электр станциясының құрылысы туралы айтты
Поддержать

Энергетика министрі атом электр станциясының құрылысы туралы айтты

Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстанда атом электр станциясының (АЭС) құрылысы туралы айтты.

— Атом электр станцияларын саламыз ба, салмаймыз ба, әзірге шешім жоқ. 2035 жылға дейінгі әртүрлі мәселелер қарастырылған. Бүгінгі таңда көмір өндіруді кеңейте алмаймыз, өйткені ол экологиялық таза емес, — деп түсіндірді ведомство басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Сонымен қатар, министр электр энергиясын өндіруге арналған өтпелі отын ретіндегі газдың таза екенін, бірақ оның қоры шектеулі екенін атап өтті.

— Сондықтан біз әртүрлі нұсқаларды қарастырып жатырмыз.Атом электр стансалары – қарастыруға болатын нұсқалардың бірі ғана. Бірақ бұл мәселе бірінші кезекте қоғамды тарта отырып, барынша зерттеуді қажет етеді, — деп қосты Болат Ақшолақов.

©Getty images




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *