Шымкентте баласын сатқан көпбалалы ана сотталды
Поддержать

Шымкентте баласын сатқан көпбалалы ана сотталды

Шымкент тұрғыны бір жарым жасар ұлын сатқаны үшін жеті жылға бас бостандығынан айырылды

Оtyrar мәліметіне сәйкес, көп балалы ана, шамамен 1989-1990 жылы туған. Өзінің бір жарым жасар ұлын сатуды ұйғарған. Бұл туралы өзінің құрбыларына айтады. Сату туралы ақпарат қалалық полиция қызметкерлеріне жетті. Олар баласыз ерлі-зайыптылар кейпінде «сатушымен» байланысады. Әйел оларды «тауарды» тексеруі үшін үйіне шақырған.

«Сотталушының өзі кездесу ұйымдастырып, оларды үйіне алып келді. Әйел бір жарым миллион сұрады, бірақ 1 миллионға беруге келісті. Полицейлер оған ақша берді. Анасы баланы олардың қолына берген сәтте ұсталды. Полицейлер мәміленің бүкіл процесін жасырын камераға түсіріп алған, — деді Шымкент қалалық ювеналды сотының төрағасы Дәурен Сайханов.

Әйелдің ажырасып кеткені белгілі болды, төрт баланы жалғыз асырап отырған. Босанған кезде ұлын перзентханада қалдырғысы келген. Бір жарым жылдан кейін әйел ақшаның жетіспеуіне байланысты кіші баласын сатуды ұйғарған.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.