Мәсімовтың бұрынғы орынбасары қамауға алынды
Сот Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Дәулет Ерғожинді қамауға алуға санкция берді, деп жазады «Интерфакс-Қазақстан».
Бұған дейін хабарланғандай, ҰҚК экс-басшысы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасары Әнуар Садықұлов қамауға алынды.
ҰҚК қылмыстық іске «өте құпия» деген белгі берілгенін қосты.
Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа да деректері тергеу мүддесінде жария етілмеуге тиіс.
6 қаңтарда Қазақстан Президенті Қасымжомарт Тоқаев ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімовті қызметінен босатқаны, ал ведомствоны Ермек Сағымбаев басқарғаны белгілі болды.
ҰҚК 8 қаңтарда Мәсімовтың ұсталғанын хабарлады. Кейін ол мемлекетке опасыздық жасады деп айыпталғаны айтылды. Осы бап бойынша ол 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Комментариев пока нет