Тоқаев Назарбаевты өкілеттігінен айыру туралы заңға қол қойды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевты Қауіпсіздік кеңесі мен Қазақстан халқы Ассамблеясын өмір бойына басқару мүмкіндігінен айыратын түзетулерге қол қойды.
— Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, — делінген Ақорда жариялаған құжатта.
Мәжілісте «ҚР кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы қаралды. Құжатта Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚХА мен Қауіпсіздік кеңесіндегі өмір бойы төрағалығын жою туралы түзетулер бар.
Бұл ретте заң жобасына Сенатта тағы да өзгерістер енгізілді. Сенаторлар Елбасымен мемлекеттік бастамаларды үйлестіру қажеттілігін жоюды ұсынды. Осыдан кейін заң жобасы мақұлдау үшін Мәжіліске қайтарылды. Бүгін Мәжіліс депутаттары Сенат енгізген түзетулерді қолдады.
Депутат Қанат Нұров бұған дейін айтқандай, заң жобасында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы», «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» және «ҚР Қауіпсіздік Кеңесі туралы» конституциялық заңдарға қажетті барлық түзетулер қамтылған.
Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесін өмір бойына басқару құқығын 2018 жылдың шілдесінде иемденді.
Фото: ашық дереккөз
Комментариев пока нет